КӘСIПКЕРЛЕРДIҢ КӘДЕЛI ЖОБАСЫ

0 97

Бүгiнгi күн тәртiбiнен бiр түспей тұрған мәселенiң бiрi – кәсiпкерлiк саласының көкжиегiн кеңейту. Осыған орай «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасын насихаттап, кәсiпкерлердiң белсендiгiн арттыруға бағытталған шаралар көп. Ол қандай шаралар және нәтижесi қалай екенiн Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының маманы баяндап бердi.
Басқарманың «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бөлiмiнiң бастығы Жанар Бескемпiрованың айтуынша, әкiмдiк жанындағы «Жол картасының» үйлестiру кеңесi жыл басынан берi 8 жобаны мақұлдаған. Мемлекеттен бұл жобаларға 1 740,6 млрд теңге несие бөлiнiп отыр. Бюджет қаржыландырғалы тұрған жобаларға тоқталып өтсек. Өткен жылы бағдарлама шеңберiнде iрiмшiк өнiмдерiн шығаруды қолға алған «Emile Company» ЖШС биыл тағы да қосымша қаржы алып отыр. Ондағы ойы – iсiн одан әрi жандандырып, өндiрiсiн дамыту. «Одари» iрiмшiгiмен аты шыққан компанияға қосымша 550,0 млн теңге бөлiндi.
Индустриалдық парк аумағында өндiрiсiн бастаған «Мақсат» Астана бетон комбинаты» ЖШС құрылыс мақсатында бетон, цемент және гипс өнiмдерiн шығару үшiн 59,9 млн теңге көлемiнде көмек сұрады. «Кадбур» ЖШС полиэтилендi құбыр шығаруға ниетiн бiлдiрiп, оған қажеттi 68 млн теңге мақұлданды. Бұдан бөлек бiлiм беру, көлiк инфрақұрылымы дамыту мен азық-түлiк өнiмдерiн шығаруды дiттеп отырған жобалар да бар.
Қаладағы өзектi мәселенiң бiрi – қызмет көрсету екенi жасырын емес. Әсiресе, мейрамханадағы қызмет сапасы мен қалаға келiмдi-кетiмдi меймандар тоқтайтын қонақүйдiң тапшылығы және бар. Жоғарыда айтқан сегiздiктiң iшiнде шағын қонақүйiн кенейтемiн деген екi кәсiпкердiң өтiнiшi де жерде қалмады. Сондай-ақ қазынадан қаланың бiрнеше жерiнде орналасқан «Олимп» медицианалық клиникасына медициналық аппарат алу үшiн «Мырза-Хан» ЖШС-ге 70 млн теңге қарастырылды.
– Бағдарламаның тағы бiр бағыты – кәсiпкерлерләк әлеуеттi арттыруды көздейдi. Бұл орайдағы маңызды жұмыс – шағын және орта кәсiпкерлiк иелерiн топ-менеджерлiкке оқыту. Назарбаев университетiнде өтетiн курсқа Астанадан 11 адам жолдама алды. Сонымен бiрге, тағы 8 кәсiпкер республикалық резервке қойылды. Жалпы, басқа да бағыттар сияқты бұл бағыттағы шаралар бағдарламаға жауапты құзырлы мекемелермен бiрлесiп жүргiзiлiп жатыр. Алғашқы төрт айдың нәтижесi әзiрге осы, – дедi Ж.Бескемпiрова.

Айнұр ШОШАЕВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × four =