Кәсіпкерлерді қолдау шаралары

0 42

Nur Otan партиясы астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимовтың төрағалығымен отырыс өтті.

Жиында елордалық кәсіпкер және қоғам қайраткері Болат Омаров басқаратын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. Қоғамдық кеңестің құрамына басшылардың, кәсіпкерлердің және еңбек ұжымдарының мүшелері сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, шағын және орта бизнес өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, елорданың бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысқан отырыс барысында кәсіпкер әйелдерді, жас кәсіпкерлерді, мүмкіндігі шектеулі жандарды және пандемиямен байланысты қиын жағдайға тап болған адамдарды қорғау және қолдау шараларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Елорда төңірегінде «Ұлт жоспары – бес институцио­налдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» Ұлт жоспарын іске асыруға белсенді қатысу үшін Кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды.
Кеңес жұмысының маңыз­ды бағыты – жеңілдетілген шағын несие бағдарламалары бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыру және кәсіпкерлерге коммуналдық меншікті тегін үй-жайлармен қамтамасыз ету болып отыр.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыспен қамтудың баламалы нысаны ретінде нарықтың қазіргі жағдайына тап болған көптеген адамдар үшін тиімді мүмкіндік болады. Мен бұл жағдайда Үкіметтен ШОБ үшін салықты төмендетуді сұрау керектігіне сенімдімін. Бұл пандемия – кәсіпкерлер үшін ерекше қолдау шараларын талап ететін экстракризис екенін түсінуіміз керек» деді Қоғамдық кеңестің төрағасы.
Қоғамдық кеңес елорда кәсіпкерлерінің мүддесін білдіретін нақты орган ретінде ШОБ және мемлекеттік билік диалогында әрекет етуші, тиімді буын болмақшы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + 12 =