Кәсіпкерлерді қолдаймыз!

0 22

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пандемия кезінде кәсіпкерлерге жасалған жағдайды айта келе, 97 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 31 млрд теңге болатын салықтан босатылғанын мәлім етті. Бұдан басқа, шығындарды оңтайландыру кезінде 25,7 млрд теңгеден аса қаржы экономиканың нақты секторын қолдауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Бизнестің жол картасы бойынша кәсіпкерлік саласында жағдайлар жеңілдетілді. Жыл басынан бері 20,7 млрд теңгеге мыңнан астам жоба қолдау тапты.«Бізге жүктелген міндеттердің бірі – кәсіпкерлерімізді қолдау. Қазір осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пандемия кәсіпкерлердің жұмысына айтарлықтай әсер еткені белгілі. Мемлекет өз кезегінде бұл бағытқа уақытылы көмек көрсетті: салықтар мен несиелер төлеу кейінге қалдырылды; ең көп зардап шеккен нысандар бюджетке төленетін тиісті төлемдерден босатылды. Осылайша 97 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 31 млрд теңге болатын салықтан босатылды. ТЖ режимі кезінде маңызды салалар үшін «жасыл» дәліз ұйымдастырылды. Бұл оларға қаланың блокбекеттерінен кедергісіз өтуіне мүмкіндік берді. Ал Ashyq бағдарламасы бойынша көбі өз қызметін қайта бастады.
Өңірлік кәсіпкерлер кеңесімен кездесуде бірқатар мәселе талқыланды: жұмысшы кадрлардың тапшылығы, инженерлік желілерді жүргізу процесі, МИБ құру және дамыту. Ал отандық тауар өндірушілерді қолдау, туристік сала, Ashyq жобасын одан әрі дамыту секілді мәселелер бөлек талқыланды. Бұл қысқа мерзімде бірқатар маңызды проблеманы шешуге, ал ұзақ мерзімді жүйелі мәселелерді қолға алуға мүмкіндік береді.
2019 жылдың күзінен бастап қалалық даму акселераторы іске қосылды. Бұл белсенді тұрғындар, қоғамдық ұйымдар, сарапшылар қатысатын топ болып есептеледі. Онда, мәселен, экология, қоғамдық көлікті дамыту, ПИК-тен МИБ-ке өту механизмі секілді түрлі мәселелер қаралды.
Келіп түскен сауалдар бірден қолға алынды» деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + twelve =