Кәсіпкерлер қатары артып келеді

0 88

Шағын және орта биз­неспен айналысатындар  саны 2013 жылдың 1 қаңтарында  3,9%-ға өсіп, 165 769 адамды құраған.

Астана қаласы бойынша Ста­тистика департаментінің мәлі­меттеріне сүйенсек, шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнімдер өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға ұлғайып, 1052262 млн теңгеге жеткен.

Ал 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кә­сіпкерлік субъектілерінің саны өт­кен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 4,0% азайып, 47772-ні құрады. Олардың – 6685-і заңды тұлға, 41082-сі – жеке кәсіпкер, 5-уі – шаруа қожалығы.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 4 =