«Кәсіпкер ана» көмек береді

0 60

Елордалық көпбалалы аналар «Кәсіпкер ана» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін игеруде. Нұр-Сұлтан қаласында қолға алынған әлеуметтік жоба көпбалалы әйелдерге, жалғызбасты аналарға, табысы аз әйелдерге, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға жеке ісін бастауға көмектеседі.Мұнда оқыту 11 негізгі бағытта өтеді. Атап айт­қанда, массаж, СММ, копирайтинг, графикалық дизайн, суретке түсіру, маникюр, аспаз, кондитер аспаз, есепші, психолог, тігінші мамандықтарын меңгереді. Көпбалалы аналар аталған бағыттардың бірін таңдап, тегін білім алады. Арнайы сертификатқа ие болады.
Елорда тұрғыны Айнұр Жазықбаева алты ай бұрын тапсырыспен торттар мен бәліштер пісірген. Кәсіппен айналысқысы келетін әйел­дерге арналған тегін курстар туралы білген ол мүмкіндікті жіберіп алмауды жөн көріп, өзі дайындаған өнімдерді жарнамалау және насихаттау үшін СММ тәсілдерін үйреніп алады. Ол қазір қосымша фотограф курсында оқып жүр.
Жақында елорда әкімдігінің қолдауымен осы жоба аясында «Алтын шаңырақ ұясы» атты тігін орталығы ашылды. Демеушілер арқылы қажет қондыр­ғылар алынды. 100 шаршы метрді құрайтын ғимаратта алтын құрсақты аналар істерін бастады.
Жалпы, бүгінде жоба бойынша онлайн режимде оқуға 1200-ден астам өтінім келіп түскен. Іріктеу нәтижесінде 500-ге жуық әйел барлық критерийлерге сай келіп, қазір 200-ге жуық адам білімдерін жетілдіруде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 5 =