Кәсіби кадрлар – еліміздің маңызды ресурсы

0 44

2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусым мемлекеттік қызметші күні деп белгілеп, ұйымға қатысушы елдерді осындай күнді өздерінде атап өтуге шақырды. 2013 жылдың желтоқсанында республикадағы кәсіптік мерекелер тізбесіне толықтырулар енгізу туралы тиісті Жарлыққа қол қойды. 2014 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтіле бастады.

Мемлекеттік қызмет қыз­меткерлерінің тиімді және кәсіби қызметі – кез келген елдің жетістігі мен өркендеуі. Сондықтан да Мемлекет басшысы оны жетілдіру мәселелеріне баса назар аударуда. Мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын да атап өткен жөн. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру институттары заңнамалық түрде енгізілді, атап айтқанда: меритократия қағидаттарына негізделген мансаптық ілгерілету; даяр­лау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру; еңбекті, оның ішінде бонустық жүйені қолдана отырып уәждеу; тек мәртебеге ғана емес, нәтижелілікке, жұмыс көлеміне, жауапкершілік деңгейіне байланыстыруды ескеретін еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.
Барлық осы институттар мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі мен кәсібилігін арттыруға, мемлекеттік қызметтің дербестігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын төмендетуге, қызметкерлердің лайықты еңбек ақысын және мансаптық ілгерілеуін қамтамасыз етуге, халықтың билік институттарына деген сенім деңгейін және ақырында мемлекеттердің жаңа экономикалық саясатын іске асыру жағдайында мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша мемлекеттік қыз­меті – 3484 тәжірибелі, білікті, өз ісіне берілген мем­лекеттік қызметкерлерден тұратын кәсіби құрам болып табылады.
Оның ішінде, елордадағы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері – 909 адам, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері – 2575 адам. Әрбір қызметшінің мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі – 9 жылдан астам.
Мемлекеттік қызметте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 45 түлегі және «Болашақ» бағдарламасының 20 түлегі жұмыс істейді. Мемлекетті өз ісіне адал кәсіпқойлар ғана алға қойған мақсатқа алып келеді.
Мемлекеттік қызмет – бұл ең алдымен адамдар мен тиімділік әрбір мемлекеттік қызметшіге, оның тәжірибесіне, қайсарлығына, сондай-ақ кәсіби және жеке қасиеттеріне байланысты.
2020 жыл – әлемдік экономикадағы оқиғалардың даму жөніндегі болжамдарды ескере отырып, ел өміріндегі ерекше жыл. Қазіргі дағдарыстың салдарын еңсеру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру жауапкершілігі барлық мемлекеттік қыз­метшілерге жүктеледі. Біздің азаматтарымыз бен жалпы еліміз үшін дағдарыстың салдарын қалай тез түзетеміз олардың іс-
қимылының кәсіпқойлығы, үйлесімділігі мен тұ­тас­тығына байланысты.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы табысты мемлекет кәсіби және тиімді мемле­кеттік қызмет негізінде құрылуы мүмкін екенін тағы да растады.
Әрине, мемлекеттік қыз­метшілердің Тәуелсіздікті қалыптастыруға, дамытуға және нығайтуға қосқан зор үлесін толықтай мақтаныш етуге болады.
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, игілік және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін.
Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау біздің әрқайсымыз үшін өзінің кәсіби және патриоттық борышы деп санайтынына сенімдімін.

Жандос СӘРСЕН,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − 5 =