«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Кәріс суретшісінің көрмесі

0 3

Жақында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастыр­ған кәріс кескіндеме шебері Пак Дэ Сонгтың «Созан» атты сурет көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Аталған көрме 14 тамызға дейін жалғасады.

20220624220050673590

 

Көрме Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында, сондай-ақ 2022-2023 екі ел арасындағы мәдени алмасу жылына орай қазақстандықтарға түрлі корей мәдениетінің сұлулығын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеде кәріс кескіндеме дәстүрінің жалғастырушысы, атақты суретші Пак Дэ Сонгтың бірегей техникасы мен стилін пайдалана отырып жасалған 23 тушь кескіндеме картинасы ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеде автордың туындыларды жасау барысында қолданған суреттері бар альбомдарды көруге болады.

Баян Асылбекова

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды