Карина Горичева қола жүлдегер атанды

0 118

Қазақстан қоржынына төртінші жүлдені ауыр атлет Карина Горичева салды.

RIOEC891HUV4M_768x432

Карина 63 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол алғашқы жұлқа көтеру сайысында 111 келіні бағындырып, екінші орыннан көрінді.

Ал серпе көтеруде бірден 132 келіні еңсергенімен, екінші және үшінші мүмкіндігінде 137 келі өз ырқына көндіре алмады. Сөйтіп, қос сайыстың қорытындысы бойынша 243 келіні еншісіне жазып, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл сайыстың алтын жүлдесін 262 (115+147) келімен әлемдік рекордты жаңартқан қытайлық Дэнг Вэй иеленсе, күміс 248 (105+143) келіні көтерген кореялық Чхве Хе Симге бұйырды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =