Боз боран буып тұр

0 19

Қаңтар ортасынан ауған шақта Арқаның қысы нағыз мінезін көрсете бастады. Ұлпа қарды бұрқыратып ұйытқи соққан ақ боран астаналықтарды әжептәуір әбігерге салып жатыр.

Күн райының қолайсыз­дығына байланысты қала маңына қатынайтын автобустың қозғалысы шектелді. Қазіргі уақытта жолаушыларды №303 және 320-бағдардағы автобустар ғана тасымалдауда.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде 0-9-сыныптағылар үшін сабақ өтпеді.
Бұрқасынның кесірінен ұшақтар да дер кезінде ұша алмай тұр. Мәселен, кеше «Air Astana» компаниясының әуе кемесі 17 сағаттай кешігіп барып Алматыға аттанды. Азаматтық авиация комитеті ұсынған дерекке сүйенсек, жұма күні Нұр-Сұлтаннан ұшып кететін 16 рейс пен Нұр-Сұлтанға ұшып келетін 18 рейс­тің уақыты өзгерген.
Әйтеуір, қар күреуші техника қарап жатқан жоқ. Тәулік бойы тыным таппастан 852 арнайы көлік жол бойын аршыды. Оған қоса, 1286 жұмысшы тро­туарларды қардан тазалады.
Айтпақшы, ертең елордада Халықаралық қар күні мерекесі аталып өтіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды