Кардиохирургтің тегін кеңесін ал!

0 40

Елордадағы Президенттік клиниканың дәрігерлері «Кардиохирургтің тегін консультациясы» атты акция арқылы тегін қаралуға шақырады. 25 қыркүйекте басталатын бұл шара емханада алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Аталған акция шеңберінде клиниканың кардиохирург дәрігерлері жылдың соңына дейін әр сенбі сайын пациенттерге ақысыз қызмет көрсетеді. Дәрігерлерге қаралуға алдын ала жазылу үшін Нұр-Сұлтан қаласы, Е495 көшесі №2 (Мәңгілік ел көшесі, 80) мекенжайы немесе +7(7172) 70-80-90 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Оларды әр сенбіде қабылдау үшін бір кардиохирург дәрігерден бөлініп отырады. Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының баспасөз хатшысы Әнуар Сейдрахымның айтуынша, келушілер саны көбейіп кететін болса, мұндай акция келесі жылы да жалғасын тауып, қабылдау уақыты ұзартылады. Сондай-ақ осы емханада биыл 22 мамырда басталған нейрохирургтердің тегін консультациясы да жылдың соңына дейін жалғасады. Тексеруге барар кезде қолыңызда денсаулығыңызға байланысты барлық үзінділер мен кескіндер болуы қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 1 =