Каратэден жеңіске жетті

0 77

Болгарияның София қаласында киокушинкай каратэден дәстүрлі «SENSHI» кәсіпқой каратэ кеші өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Әлішер Карменов өз салмақ дәрежесінде турнирдің жеңімпазы атанды. Байрақты бәсекеде 13 елден 20 үздік спортшы бақ сынады.
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Әлішер Карменов Украинаның екі дүркін чемпионы Артем Векличпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Әлішер Карменов жеңіске жетіп, «SENSHI» белбеуіне ие болды. Ендігі мақсаты – Еуропа чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, көк туымызды биікте желбірету.

Жәнел ҚҰТТЫБАЙ,
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия
ұлттық
университетінің
студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 5 =