Карантиндік талаптар күшейтілді

0 63

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында елордада карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды.Сонымен, бас қалада сенбі және жексенбі күндері азық-түлік емес, тек тауарлар сататын сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінде, COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан, олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал жұмыс күндері бұл нысандар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындары, яғни мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар да жұмыс істемейді. Жұмыс күндері бұл нысандар 7.00-20.00 аралығында ғана қызмет көрсетеді. Ал сыртта ашық аспан астында сағат 7.00-22.00 аралығында жұмыс істей алады. Бұл талаптар Ashyq жобасына қатысатын нысандардан басқасына қойылады. Азық-түлік сатпайтын жабық базарлардың демалыс күндері жұмыс іс­теуіне тыйым салынады. Олар жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар санитарлық талаптарды сақтаса да, ашық аспан астында 100-ден астам адамның қатысуымен жаппай іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − fifteen =