«Карантиндік демалыс» індеттің таралуын баяулатты

0 35

Әскерилер, өрт сөндірушілер мен дезинфекторлар: Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жүргізді.

Өткен демалыс күндері қаланың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды, дәріханалар мен үй жанындағы азық-түлік дүкендерін қоспағанда, қоғамдық көліктер мен барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды.
Осыған орай Нұр-Сұлтанда ондаған дезинфекторлар, оның ішінде әскерилер және өрт сөндірушілер ауқымды дезинфекция жүргізді. Алдымен адам көп жиналатын Covid-19 инфекциясының ошағы болуы мүмкін орындар өңделді: саябақтар, алаңдар, аялдамалар, автобустар, қоғамдық орындар және т.б. Сондай-ақ қаланың санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес сауда орталығы, базарлар және басқа да адам көп жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция ұйымдастырды.
«Инфекция қаупі жойылған жоқ, жұқтырғандар саны да, өлім жағдайлары да өсуде. Егер бұрын адамдар COVID-19 туралы тек жаңалықтан білсе, қазір бұл инфекциямен туыстарының немесе достарының біреуі ауырып қалғанда, жақын байланыста болғандар тізімінде болған кезде кездеседі. COVID-19 басқа инфекциялардан науқас үшін байқалмайтынымен ерекшеленеді. Қатаң санитарлық-­эпидемиологиялық нормаларды сақтау керек! Себебі санитарлық нормалардың сақталмауы науқастар санының көбеюіне әкеледі» деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Автобустар жаппай дезинфекцияланды

Нұр-Сұлтанда автобустар мен автобус паркі ғимараттарында ауқымды дезинфекция жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда қоғамдық көліктер тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы қайта басталды. Бағдарларды күнделікті дезинфекция­лау жалғасады, барлық жүргізушілер соңғы аялдама орындарында дымқыл тазалау жүргізеді. Автобусқа отыру тек алдыңғы есік арқылы жүзеге асады. Төлем қолма-қол ақшасыз SMS, QR коды, көлік картасымен жасалады. Автобусқа беттұмшасыз кіруге қатаң тыйым салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =