Карантиндегі мереке

0 53

Балаларды қорғау күніне орай өткізілген «Мейірімділік пен қуаныш күлкісі» мерекелік шарасы елордалық балалардың көңіл-күйін көтеріп, ерекше салтанатты шара болды.Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Полиция департаменті мен Еуразиялық ивент ассоциациясы және бірқатар балалар мерекесін ұйымдастыру орталықтары бірлесіп өткізген шараның мақсаты – карантиндегі балалардың көңілін көтере отырып, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. «Эпидемиологиялық ахуалға байланыс­ты биылғы балалар мерекесін өзгеше өткізуге тура келді. Балаларға жолда жүру ережелері, гигиеналық талаптарды сақтап, суға түсуге болмайтын жерлерде шомылмауын ескерттік. Мульт­фильм қаһармандары арқылы ойната отырып, түсіндірдік деп
ойлаймын» деді Байқоңыр аудандық полиция басқармасы ювенарлық бөлімшесінің инс­пекторы, полиция капитаны Есім­сейітова Айгерім.
«Верный» тұрғын үй кешенінің ауласында өткізілген арнайы шараға балалар мен жасөспірімдер қатысты. Олар ертегі кейіпкерлері киінген аниматорлармен бірге қызықты ойындар ойнап, би биледі. Қауіпсіздік ережелеріне құлақ түріп, «мойдодыр» танымдық әрі ойын-сауық бағдарламасы аясында гигиеналық талаптармен танысты. Тегін медициналық бетперделерге ие болды.

Наима Нұралықызы,
студент

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 4 =