Карантинде қандай кітап оқыдың?

0 58

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі карантин уақытында «Қолымдағы кітап» шарасын бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кітап оқу мәдениеті насихатталатын болады. Қатысушылар карантин уақытында өздері оқып жатқан кітапты таныстырады. Сондай-ақ өздерінің сүйікті авторларымен, шығармаларымен бөліседі.

Елорда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бас­таған акцияға Nur Otan партиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен блогерлер қолдау көрсетеді.
Онлайн іс-шараның тұсаукесері блогер Айнұр Бұ­лақ­баймен өткізілді. Тікелей эфир барысында ол кітап оқуды әдетке айналдыру мен жылдам оқу техникасының құпияларымен бөлісті. Сондай-ақ көрермендер өз сұрақтарына жауап алды.
Шара барысында кітап­құмар блогер және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =