Карантин тест тәртібіне өзгеріс енгізді

0 40

«Astana» телеарнасы мен «Elorda Aqparat» ЖШС-тің бірлескен жобасы – «Elorda Live» бағдарламасының кезекті қонағы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің барысы туралы айтып берді.

– Биыл республика бойынша 145 мыңға жуық түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Түлектердің саны бойынша 24 мыңдай оқушы бітірген Түркістан облысы алғашқы орында екен. Елордамыздағы статистика қалай?

– Биыл елордамызда жалпы мектепті 6515 түлек бітіріп отыр.
– Қанша түлек «Алтын белгі» иегері атанды?
– Жылдан жылға елордамыздың үздік оқушылар саны көбейіп келеді. Ағымдағы оқу жылын 357 оқушы – «Алтын белгі», 384 оқушы үздікке аяқтады. Өткен жылы 294 – «Алтын белгі», 305 үздік аттестат иегері болған.

– Мектеп бітірушілерді, әсі­ресе ата-аналарды алаңдат­қан сұрақтардың бірі – ұлттық бірыңғай тестілеу. Биыл сы­нақ 20 маусым мен 5 шілде ара­лығында өтеді. ҰБТ-ға қатысты қанша түлек өтініш білдірді?

– Әрине, түлектердің алдында тұрған тағы бір жауапты сәт ол – Ұлттық бірыңғай тестілеу. Жалпы республика бойынша ҰБТ 20 маусымда басталды, 5 шілдеге дейін өткізіледі.
ҰБТ-ға қатысуға 6255 түлек (яғни 95%) өтініш білдірді. Оның ішінде қазақ тілінде – 3661, орыс тілінде – 2554, ағылшын тілінде – 40 түлек.
Сонымен қатар, колледж сту­денттері мен өткен жылғы түлек­терді қосқанда 7154 тестіленуші қатысып жатыр.

– Карантин жағдайына байланысты Ұлттық бірыңғай тест өткізу тәртібінде өзгеріс бола ма? Ол қандай өзгерістер?

– ҰБТ-ның биылғы өзгешелігі карантин жағдайына байланысты мектептерде 4 тоқсан қашықтан оқытылды, сондықтан, тестілеуден 4 тоқсанның бағдарламасы алынып тасталды, яғни 5-10 сыныптардың және 11-сыныптың 1,2,3 тоқсанында оқытылған бағдарламалар қамтылатын болады. ҰБТ жылдағыдай қаламыздағы 3 университеттің базасында өткізілетін болады.
Яғни, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде – 2589 оқушы 13 аудиторияда. Олар 22 маусым – 3 шіл­де аралығында өтеді. – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде – 1818 оқу­шы 7 аудиторияда. Сынақ 21 – 30 маусым аралығында.
– Қа­зақ экономика, қаржы және халықаралық сауда уни­верситетінде – 1848 оқушы 13 аудиторияда. 22 маусым – 3 шілде аралығында. Тағы да айта кететін мәселе, бүгін­гі таңда ҰБТ-ға қатысатын түлектердің деректер қоры бар, әр түлекке идентификациялық кодтар тағайындалды. ҰБТ өткізу орын­дары бар­лық қажетті құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етілді. ҰБТ нәтижелерінің ашық­­тығы мен ұйымдастыру шаралары университет рек­тор­ларымен талқыланды.
Бе­­­кі­тілген жоспар-тапсырмаға сәй­кес ҰБТ өткізу орындарында әкімдік тарапынан бірқатар шаралар қабылданып, жүзе­ге асырылуда. Ең алдымен қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық қызмет, ғима­раттардың өрт қауіпсіздігіне сәйкестігін тексеру және қажетті қуатпен үздіксіз электрмен жабдықтау үшін арнайы мамандар жұмыл­дырылды.

– Қазіргі карантин жағдайына байланысты сақтық шаралары қалай сақталып жатыр?

– Эпи­демиологиялық талап­тарға сәйкес, инфекция тара­луына жол бермеу мақсатында: ҰБТ тапсыратын аудито­рия­­­лардың саны 30-дан 40-қа дейін ұлғайтылды.
Егер былтыр 1 аудиторияда бір уақытта 50 оқушы болса, биыл олардың саны 20-ға дейін азайды.
ҰБТ тапсыратын түлектерді кезекте бір-бірлеп тексермес үшін, бір мезетте 50-60 адамды тексеретін мүмкіндігі бар стационарлық тепловизорлар және дезинфекциялық тон­нельдер орнатылды. Барлық түлектер университеттерге автобустармен санитарлық нормаларды сақ­тай отырып жеткізілуде. Сани­­­тарлық талаптарға сәйкес ҰБТ-ға қатысуға ынта білдір­ген барлық 6255 адамға те­гін респираторлық маска­лар таратылып жатыр. Әкім­­дік ҰБТ-ны өткізуге өз тарапынан толықтай дайын. Біздің барлық іс-қимылдарымыз Білім және ғылым министрлігі және тестілеуді өткізуге мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

– Көрермендер тарапынан мынадай сұрақ бар. «Ата-анаға немесе балаларды алып жүруші тұлғаларға ҰБТ пункттерінде күтуге тыйым салынады. Ата-ана тестілеу барысын ҰБТ өтіп жатқан жерге келмей-ақ, үйінде отырып көруі үшін онлайн трансляция жасалады екен». Ата-аналар ҰБТ-ны қалай бақылай алады?

– Иә, эпидемиологиялық жағдайға байланысты ата-аналардың үйде қалуын сұраймыз. ҰБТ-ны онлайн трансляция ар­қылы бақылауға болады. Онлайн трансляциялардың сілтемелері тестілеу басталатын уақытта берілетін болады.

– COVID-19 вирусына байланысты мектеп және ЖОО қашықтан оқыту жүйесіне көшірілген болатын. Жаңа оқу жылында бізді не күтіп тұр?

– Жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде басталады деген жоспарда. Дегенмен алдымызда не күтіп тұрғанын тағы білмейміз. Қандай да бір шешім қабылдану алдында жан-жақты талқыланып, сарапқа салынады. Әлбетте, белгілі бір өзгерістер орын алған жағдайда өздеріңіз хабардар боласыздар.

Дайындаған Гүлжан Абайқызы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =