Карантин тәртібін неге елемейді?

0 120

Елордада мобильдік топтар кәсіпкерлік нысандарға рейд жұмыс­тарын жалғастыруда. Бір күнде карантин тәртібін бұзған тағы 10 мекеме анықталды. Мекемелерде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты ұстанбау және белгіленген жұмыс тәртібін сақтамау жайттары белгілі болды.

Өткен тәулікте мобильді топтар карантин режимін бұзған 10 кәсіпкерлік нысанды анықтады. Есіл ауданында төрт дүкенде бетперде режимі сақталмаған, оның ішінде «Red mart» шағын маркеті, «Аяла» азық-түлік дүкені, «Bari bar» шағын маркеті және «Ваш маркет» супермаркеті бар. Сонымен қатар белгіленбеген уақытта «Панаехали» бары мен «Хан Талапай» банкет залы келушілерге қызмет көрсетті.
Сарыарқа ауданында орналасқан «Диона» дүкенінің екі филиалы да белгіленген режимді елемей жұмыс істеді. Алматы ауданындағы «Мята» лаундж бары мен Байқоңыр ауданындағы «Кино тайм» мекемесі карантин режимін бұзды.
Тәртіп бұзушыларға қатыс­ты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау және оларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-­эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Айта кету керек, бас қала – 10 наурыздан бері эпиде­миологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл аймақта». Карантин режимін бұзуға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Кәсіпкерлік субъектілері карантин талаптарын қатаң сақтауы, қайта бұзушылықтарға жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар қала тұрғындарының өздері адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы және санитарлық дәрігердің кеңесін толық орындап, өзін және өзгелерді қауіптен сақтауы міндеттеледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =