Карантин тәртібін бұзғандарға жаза қандай?

0 63

Астанада карантинді бұзған 5 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантин талабын бұзған мекемелерге айыппұл салуда.Есіл ауданында орналасқан Carreta мейрамханасы белгіленбеген уақытта жұмыс істегенімен қоймай, жұртшылыққа кальян ұсынған. Заң бойынша бұған қатаң тыйым салынған.
Алматы ауданында карантин тәртібін сақтамағаны үшін «Графин» ресто-бары мен «Түркістан» кафесі жауапкершілікке тартылды.
Сарыарқа ауданында орналасқан «Мята» лаундж бары сағат 22.00-ден кейін жабылмай, жұмыс режимін өрескел бұзған. Сонымен қатар келушілерге заңсыз кальян ұсынған.
Ал Байқоңыр ауданында «Xalva» мейрамханасының шектеу шараларын бұзғаны белгілі болды. Жиналған материалдың бәрі әкімшілік шаралар қабылдау және тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + seventeen =