Карантин талабы бәріне ортақ

0 23

Нұр-Сұлтан қаласында карантин талабын бұзған кәсіпкерлік нысандар азаймай отыр. Мониторингтік топтардың тексеру жұмыстары нәтижесінде бірнеше мекемеге тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына материалдар тапсырылды.Анықталған бұзушылықтардың арасында маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтамау, адамдардың тығыз шоғырлануы жиі кездескен. Мәселен, Есіл ауданында «Opus One» кафесі, «Lavash Food» фаст-фуд нысаны және «Aura Club Alanya» түнгі клубы карантин талаптарын сақтамаған. Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы «Буржуй» және «Chili Grill» барларында карантин бұзушылықтарын тіркеді.
Белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін Байқоңыр ауданында орналасқан 7 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар: «Zara» түнгі клубы, «Barrus» лаундж-бары, «Шашлыков», «Gastro Bar» барлары, «Respawn» компьютерлік клубы, «Амир» базары, «Шашлычок» кафесі. Бұл тізімге сондай-ақ Манас көшесіндегі Лото клубы, Алматы ауданында орналасқан «Панаехали» бары және Балқантау көшесіндегі коттедж де кірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − six =