Карантин кезінде кітап оқы!

0 42

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада «Кітап карантинге қарсы: жаңа форматтағы кітапханалар» атты халықаралық онлайн-форум өтті.Бұл форумда әлемді жайлаған ауыр індет кезінде кітапханалардың жұмысы мен оқырмандардың байланысы, қандай жаңа жобалар қолға алынды, оны нәтижесі қандай деген бағытты пікір алмасулар болды. Жиын тізгінін кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева өз сөзінде қазіргі қысылтаяң шақта адамдарға өзін-өзі дамыту мен жетілдіру барысында кітап пен кітапхананың рөлі зор екендігін айтып өтті. Тағы бір айта кетер жайт,карантин кезінде көпшіліктің кітап оқуға деген қызығушылығы артқан.
Конференцияға отандық қана емес шет мемлекеттердегі құнды қазынаға бай кітапханалардың басшылары да қатысып іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мәселен, Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры Вадим Дуда бүгінгі қиын-қыстау уақытта қолға алған жобалары жайында баяндады. «Біз қорымыздағы құжаттарды оқырмандарға жеткізуде тиімді тәсілді қолдандық. Бұл дегеніміз оқырманнан белгілі бөлімге өтінім келіп түседі, өтінімде көрсетілген кітап автоматты түрде сканерден өтіп оқырманның жеке кабинетіне келіп түседі. Осы тәсілмен біз күніне 700-800 кітапқа тапсырыс қабылдап ол кітаптарды оқырманға жеткіземіз. Осы кестемен жұмыс істеген тиімді болып отыр. Осы тәсілмен карантин аяқталғаннан кейін жұмыс істей береміз. Осы жүйе арқылы ТМД елдері арасындағы электронды кітапханалар бірлесіп қызмет атқарамыз деп сенеміз» деп сөзін қорытты. Малайзия Ұлттық кітапханасының директоры Майзан Бинти Исмаил жетекшілік жасап отырған руханият ордасында 24 миллион кітап сақталған. «Оның бәрі оқырмандарға қолжетімді. Оқырман кітапқа онлайн тапсырыс берсе, біз оны үйіне жеткізіп береміз. Карантин кезінде бізге 23 000 жаңа оқырман тіркелді» дейді. Сондай-ақ Италия, Әзербайжан, Өзбекстан және тағы басқа мемлекеттердегі ұлттық кітапхана жетекшілері адамзат баласының асыл қазынасы жайында парасатты пікірлерін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − six =