Карантин кезінде де қабылдау тоқтаған жоқ

0 47

Елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн қабылдау өткізді. Тұрғындар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, қосымша білім алу, апатты үйлерді бұзу және күрделі жөндеу мәселелері бойынша өтініш білдірді.Қала басшысы ТЖ және карантин режимін енгізгелі бері 110 адамды, жыл басынан бері 500-ден астам адамды онлайн қабылдады. Сұрақтардың басым бөлігі шешімін тауып, қалғандары бақылауға алынды. Сонымен қатар онлайн режимде құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес өкілдерімен, инвесторлармен, жеке білім беру орталықтарымен және басқалармен кездесулер өтуде. Мұндай кездесулер уақытты тиімді пайдалануға және әр компаниямен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Әкімнің айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша елордада 2020 жылы 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөндеуден өтеді. Сондай-ақ 100-ден астам лифт жөнделеді. Ең проблемалы тұрғын үй кешендері қамтылады. Жаңғырту бағдарламасы – қайтарымды қаражат. Мемлекет күрделі жөндеу­ге қаражат бөледі, содан кейін бұл қаражат тұрғындар арасында 15 жылға дейінгі мерзімге ­бөлінеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =