Карантин кезең-кезеңімен шегеріледі

0 22

Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның қарауына карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру барысы қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтілігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге дейін төмендегенін баяндады. Сауығып шыққан адамдардың үлесі 73,6 пайызды құрайды, қалғандары қажетті ем-дом қабылдауда. Төсек орындарының жүктемесі 61 пайызға, жедел жәрдем шақыру көлемі 62 пайызға (3 232-ден 1 232-ге дейін) төмендеді.
«Жалпы алғанда, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр» дей келе, А.Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 1 =