Кападзе қапы қалдырды

0 91

Өткен аптада Қазақстан премьер-лигасының он алтыншы тур ойындары аяқталды.

Тур барысында «Шахтер» өз алаңында «Атырау» ойыншыларымен жолықты. Ойынның оныншы минутында Порываевтың пасын Джидич тамаша пайдаланып, «кеншілер» есеп ашты. Алғашқы тайм осы жалғыз голмен аяқталды. Келесі кезең бастала бере «Шахтер» ойыншылары есепті есе­леді. Қарсылас қақпасына жа­уапсыз екінші голды Тәжімбетов тоғытты. Елу тоғызыншы минутта «Атырау» ұйымдастырған ша­буылдардың бірі нәтижесін бер­ді. Чуреев Мокин қорғаған қақпаға гол салып, таблодағы есепті қыс­қартты. Сәлден соң премьер-лиганың сұрмергені Зенькович «кеншілердің» мерейін үстем етті. 81-минутта «Атыраулық» Айбар Нұрбеков есепті тағы бір голға қысқартқанымен, кездесудің тағдырын шеше алмады. Есеп 3:2.

Осындай ойын «Восток» пен «Тараз» командалары арасында да өрбіді. Кездесуде бір ұпаймен өскемендіктер басым түсті.

Дәл осындай көрсеткішпен «Ор­дабасы» Қостанайдың «То­бы­лын» тізе бүктірді. Павло­дар­дың «Ертісі» де жалғыз голмен «Жетісуға» жол берді. Ал, «Ақ­жа­йық» пен «Қай­рат» бір-бірі­нің қақпасынан са­ңылау таппай тарқасты.

«Ақтөбе» өз алаңында «Астананы» қабылдады. Елордалық ко­манданың қақпасына дарыған екі допты да Кападзе тепті. Ал, жауап ретінде соғылған жалғыз голдың авторы – Исламбек Қуат.

Тур қорытындысы бойынша, тур­нир кестесінің басынан «Ақ­тө­бе» орын алса, екінші «Астана», үшін­ші қарағандылық «Шахтер» тіркелді. Ал, Алма­ты­ның «Қай­ра­ты» алғашқы төрттікті түйіндеп тұр.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + eight =