КАНБЕРРА

0 181

КАНБЕРРА. Австралиядағы Сидней қаласының Опера ғимараты 40 жылдық мерейтойын атап өтті.   «Желкен астындағы театрдың» тойы бір апта бойы тойланбақ. Ал 27 қазанда мерейтой Бетховеннің тоғызыншы симфониясы орындалатын мерекелік концертпен аяқталады. 1973 жылы театр шымылдығы дәл осы туындымен ашылған екен. ХХ ғасырдың ең маңызды құрылыстарының бірі атанған Опера театрын тұрғызу үшін 14 жыл кеткен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 3 =