Камералар көмегімен 1464 қылмыс ашылды

0 12

Бүгінгі таңда елордада орнатылған 24 мыңнан астам бейнебақылау камерасы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына тоғысады.

Сонымен қатар полиция қыз­меткерлері кәсіпкерлік нысандарында және басқа да жерлерде орнатылған 42 мың камераның түсірілімдеріне қол жеткізе алады.
Жыл басынан бері елордада камералардың көмегімен 1464 қылмыс ашылды, оның ішінде 8 қарақшылық шабуыл, 81 тонау, 30 автокөлік ұрлау, 1063 жеке мүлікті ұрлау, сондай-ақ 24 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 3655 ұсақ бұзақылық, 6993 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу фактілері анықталды.
«Сергек» аппарат-бағдарламалық кешен камераларының көмегімен 641706 құқық бұзушылық фактісі тіркелді.
Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елорда аумағында бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыс жүргізуде. Бірінші кезекте қаланың шет аймақтарын, жаңа құрылыс аумақтарын, аулаішілік аумақтарды, азаматтар көп жиналатын орындарды, білім беру нысандарын камералармен жабдықтау жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + 3 =