КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛДЫҢ БА, КӘСІП ІЗДЕП КӨРДІҢ БЕ?

0 126

curier

Жазғы демалыста мектеп оқушылары мен студенттер бос жүрмей, жұмысқа орналасудың қамына кіріседі. Алайда аяқталған оқуды куәландыратын дипломның жоқтығынан жұмыс оңайлықпен табыла қоймайды. Ал, жастар уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүзеге асып жатқан игі жобалар жоқ емес. Тек оны көпшілігі біле бермейді. Соның бірі – «Жастарға арналған қоғамдық жұмыс» бағдарламасы.

Қала әкімдігінің қолдауымен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы шараны жыл сайын өткізіп келеді. Әсіресе, жаз айларында белсенділік ерекше артатын көрінеді. Тарқатып айтар болсақ, ұйымдастырушылар байланыс орнатқан органдар арқылы жұмыс іздеушілерді мемлекеттік қызметке орналастырады. Әкімдік бөлген бюджет арқылы 26500 теңге көлеміндегі жалақысын да өздері төлейді. Ал жұ­мыс уақыты – күніне 4 сағат. «Олар волонтер, курьер сияқты қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады. Ардагерлер кеңесіне де қуана-қуана сұранып жатыр жастарымыз. Қазір­дің өзінде 107 адамды жұмысқа тұр­ғыздық, әлі 450 бос орын бар. Мұндай мүмкіндікті 16 жастан бастап пайда­лануға болады. Өйт­кені, банкте есепшот ашу үшін жеке куәлік болуы керек. Сондай-ақ, зей­нет­­ақы қорына да ақша түсіп тұрады. Же­ке куәлік, оқу орны мен мекен-жай анықтамасы, кәмелетке толма­ған­дардың ата-анасынан жазба­ша рұқ­сат талап етіледі» дейді бас­­қар­ма бас­шысының орынбасары Ольга Юрьевна. Бағдарлама бойынша 6 ай бойы жұмыс істеуге болады. Оқу уақы­ты ескеріледі. Яғни, екеуінің бір-біріне кедергі болмауы – басты назарда.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − sixteen =