©2020 Астана Ақшамы
КАЛЬЯННЫҢ ҚҰРАМЫНДА НЕ БАР?
Жандарбек БЕКШИН, Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісовтің айтуынша, көп ұзамай Қазақстанда кальян шегуге заңмен тыйым салынатын болады. Өйткені, мамандар кальянның айықпас дертке соқтыратынын дәлелдеп отыр.
Халық арасында су кальянның құрамындағы зиянды заттарды ерітіп, түтінді тазартады деген қате пікір қалыптасқан. Су тек органикалық емес заттарды ғана ерітеді. Ал түтіннің құрамын органикалық заттардан ешқашан тазарта алмайды. Мұндай заттар сол қалпында адамның өкпесіне жетеді. Жүрекке, миға, бүйрекке келтіретін зияны да зор. Пульмонолог мамандар оның құрамындағы микроорганизмдердің өкпе қабынуы ауруына себеп болатынын айтып отыр. Зерттеу жүргізген алғашқы 2-3 күннің өзінде-ақ кальян сұйықтығынан стафилококк, ішек таяқшасы, саңырауқұлақ секілді өте қауіпті микроорганизмдерді таптық. Сонымен қатар кальянда туберкулез ауруын тудыратын кох таяқшалары да болуы мүмкін. Біз қазір осыған қатысты зерттеуімізді жүргізіп жатырмыз. Оның қорытындысын он аптадан кейін жариялайтын боламыз.
Кальян түтінінің айналадағы адамдарға да зияны зор. Бір тал темекіде 1 мг никотин болса, бір грамм кальянда 8,32 мг никотин бар. Ал бір кальянда жүз темекінің түтіні бар.
Шынар ДОСАН