©2020 Астана Ақшамы
Биыл «Мен туыппын ақпандатқан боранда» деп жырлаған белгілі ақын Ізтай Мәмбетовтің туғанына 90 жыл толды. Осыдан қырық бес жыл бұрын, 45 жасында кенеттен ғұмыры үзілген ақынның жиырмаға жуық жыр жинағы жарық көрді. Аударма жұмысымен де айналысқан ақын әлем әдебиеті мен орыс классиктерінің өлеңдерін ана тілімізге тәржімалады. Шәмші Қалдаяқовтың «Қара көз» атты әйгілі әні мәтінінің де авторы – Ізтай Мәмбетов.
Белгілі жазушы, сатирик, тарих зерттеуші Табыл Құлыяс та мына суреттің сырын тарқатып айтады. Мен онда «Көкшетау правдасы» газетінде жауапты хатшының орынбасары едім. Жауапты хатшы – Тұрсынбай Кәкімов. Ізтай ақын кабинетімізге өлеңдетіп кіріп келіп, амандасты. Сол кезде бұл суретке де түскен едік» дейді қаламгер.
Суретте газет қызметкерлері ортасында қолыңа қалам ұстап отырған көзілдірікті адам – Ізтай Мәмбетов. Солдан оңға қарай бірінші тұрған – Табыл Құлыяс.