Израиль құрамасынан басым түсті

0 15

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің соңғы матчында біздің құрамамыз тағы да ірі жеңіске қол жеткізіп, Израиль құрамасын ірі есеппен ойсырата жеңді.Елордадағы «Сайран Арена» спорт кешенінде өткен матч 4:1 есебімен отандастарымыз қарсыластарынан басым түсті. Осылайша бұған дейін Венгрия (5:0, 6:1) мен Беларусьті (5:2, 6:1) қапы қалдырып кеткен қазақстандық футзалшылар елордада Израильді 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Барлығы 18 ұпай жинаған құрама турнир кестесінде бірінші орында тұр. Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2022 жылдың 19 қаңтар және 6 ақпан аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өткізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 8 =