«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Израильдің тәжірибесін үйренеді

0 149

Астана қаласының Оқу-клиникалық орталығы «Жедел жәрдем медициналық көмек көрсету бри­гадасының тиімді әдістері. Израильдің тәжірибесі» тақырыбы бойынша оқудан өтуге 4 дәрігерді Израиль клиникаларына жіберді.

2014.12.24-2015.01.04-1

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, оқу кезінде мамандар Израильдің ұлттық жедел жәрдем көрсету қызметі – Маген Давид Адом жұмысымен танысады. Бұл – бейбiтшілік және соғыс уақытында, табиғи апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде жедел ме­дициналық жәрдем көмек көрсететін арнайы қызмет.
Халықаралық тәжірибені игеріп келгеннен кейін аста­налық дәрігерлер әріптес­тері­нің біліктілігін көтеру үшін оларға дәріс оқып, әлеуетті нұсқаушы болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды