Ізгілікті істердің сауабы үлкен

0 75

«30 жылдыққа – 30 игі іс» шарасы аясында елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қайырымдылық акциясы одан әрі жалғасуда. Аудан әкімдіктері қызметкерлері мен еріктілер көпбалалы, аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себетін таратуға шықты.«Әзірет Сұлтан» мешітінде азық-түлік себеттері өлшеніп, орап, таратуға дайындалды. Осы жерден елорданың 4 ауданында тұратын мұқтаж отбасыларға тасымалдау басталды. «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында біз мұқтаж, әлеуметтік осал отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуды ұйымдастырдық. Қасиетті Рамазан айында біз 1000-ға жуық азық-түлік себетін таратуды бастадық. Волонтерлер тиеп, таратуға көмек көрсетіп жатыр. Азық-түлік себетіне күнбағыс майы, күріш, қант, ұн, құрма, кәмпиттер, печенье, шай, консервілер салынған. Бір қораптың салмағы – шамамен 25 кг» деді Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

«Үш күн бұрын мен аудан әкімдігіне қоңырау шалып, үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр­ған ана ретінде өтініш қалдырдым. Бүгін, міне, осындай көмек алдым, өте қуаныштымын. Елордалық әкімдікке, аудан әкімдігінің қызметкерлеріне көрсеткен қолдауы үшін үлкен рақмет айтамын» дейді көмек алушы Венера Молбаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 4 =