Ізгілік идеясы

0 156

Республикалық диагностикалық орталығында Ұлттық медициналық холдинг қызметкерлері мен «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов және «Нұр Отан» ХДП Ұлттық медициналық холдинг жанындағы филиалының төрағасы, профессор Серік Ақшолақовтың қатысуымен жиналыс өтті. Онда қоғам өміріндегі маңызды құжаттар түсіндіріліп, талқыланды.

Бірінші кезекте ұлт­тық денсаулық сақ­тау жүйесіндегі басымдық­тар, сапалы және қол­жетімді медицина­лық қызметтермен қам­там­асыз етудегі оң өзге­ріс­тер сөз етілді. Елбасы­ның «Қазақстан – 2050» стратегия­сы: қа­лып­тасқан мем­ле­­кет­тің жаңа сая­­си бағы­ты» атты Қазақ­­стан хал­­қына Жол­­дауы­ның не­гізгі бағыт­тары жан-жақ­ты түсін­дірілді. Со­нымен бірге, «Нұр Отан» ХДП партия­сы­ның «Нұр­лы бола­шақ жолында» атты доктри­насы­ның жобасы қарал­ды. Жаңа сая­си құжат игі мақсат­тар­ды қол­дайтын барлық күш­терді бірік­тіру идеясына негізделген.

– Партияның ХV съезі қарсаңында елі­міз­­дегі барлық бас­тауыш партия ұйым­да­рында доктрина жобасы талқылануда. Пар­тияның жаңа ғасыр­дағы миссиясы мен түпнегіз құнды­лық­та­рын айшық­таған доктрина «Қазақ­стан – 2050» страте­гиясын жүзеге асы­руда партияның рөлін де айқындайды, – деді «Нұр Отан» ХДП Ұлттық медициналық холдинг жанындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мария Өтебаева.

Таңатар Төлеуғалиев

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + six =