Ізгілендіру ме, із салу ма?

0 120

Сенат экономикалық қылмысты бұдан ары декриминализациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Заңда қылмыстық жауапкершілікке тарту, айыптау негіздерін қысқарту арқылы декриминализациялау; депенализация, яғни қылмыстық-құқықтық әсер ету, жазалауды жұм­сар­ту шараларын жүргізу қарастырылған. Бұл сыбайлас жем­қорлық пен экономикалық қылмыстың азаюына қан­­шалықты әсер етеді, қай тұрғыдан тиімді? «Астана ақ­шамы» бірнеше адамға сұрау салды.

Нұрлан Ерімбетов,
саясаттанушы:

– Меніңше, бұл экономика­лық қылмыс жасаушыларды еркінсітетін заң болайын деп тұр. Неге біз бәрін ақшамен есеп­теуіміз керек? Ал сол жем­қор немесе алаяқ ақшаны, дүние-мү­лік­ті жымқыруының салдары адам шығынына да әкеліп соқ­тыруы мүмкін ғой. Мысалы, меди­цина саласындағы бір ше­неу­нік ақшаны жеп қойды, со­ның ке­сірінен біреуге операция жасалмады, біреуге тиісті ем-домы жүргізілмей қалды. Немесе, Қорғаныс сала­сын­дағы бір шенеунік пара алды, ал оның зардабын құла­ған ұшақта өлім құшқан қара­пайым ұш­қыш­тар тартты. Сон­дық­тан, меніңше, «түйені түгі­мен жұтқандардың» заң бұзу­шы­лығы дәлелденсе, жазаны да өтеу керек, мал-мүлкі де тәр­кі­ленуі керек.

Төлеген Байгулов,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі медиа орталықтың төрағасы:

– Қазақстан тәуелсіздік ал­ға­лы қылмыстық саясатты ізгі­лендіру бағытында ауқым­ды реформалар жүргізіп ке­леді. Сондықтан, Сенатта ма­құл­данған заң жобасын ізгі­лен­діру саясатының аясында жүр­гізіліп жатқан ауқымды про­­цестің бір бөлігі деп қарас­тыр­ған жөн. Жалпы, эко­но­ми­калық қыл­мыстарды қыл­мыс­сыз­дан­дыру – бұл нағыз құқық­тық-демократиялық мемлекеттерде кеңінен қолданылатын жаза түрі. Яғни, бұл жердегі не­гізгі ұстаным – мемлекеттің эко­номикалық мүддесін басым бағыт ретінде қарастыру бо­лып отыр. Қылмыс жасаған аза­­мат қоғамға анау айтқандай қауіп тудырмаса, оны бас бос­тан­­дығынан айырып, салық тө­леу­шілердің есебінен асы­ра­ғаннан гөрі, келтірген шы­ғынды төлетіп, бюджетті толық­тырған әлдеқайда тиімді.

Әділбек ЖАПАҚ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − ten =