ИТАЛИЯҒА 50 ТОННА ҚОЙ ЖҮНІ ЭСКПОРТТАЛДЫ

0 385

Sheep_skin_for_sale

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі италиялық компаниямен жасаған мәміле аясында Аппенин түбегіне 50 тоннадан астам қой жүнінің жартылай фабрикатын жіберді.

Мұндай қой жүнінен жасалған табиғи өнімді өндіру холдингтің еншілес «ҚазАгроӨнім» акцио­нер­лік қоғамы мен «ПОШ-Тараз фабрикасы» ЖШС-і бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде іске асып отыр. Енді италиялық сәнді киімдер қазақ­стандық қой жүнінен тігілетін болды.

«ҚазАгроӨнім» АҚ мен ита­лиялық «VICOTEX S.r.l.» компаниясы арасында өткен соңғы кездесудің нәтижесінде екі жақ Еуропа нарығына таза жүнді жүйелі түрде жеткізуді ұйымдастыру негі­зінде ұзақ мерзімді ынтымақ­тастық орнатқан. Енді еуропалық киім тігу­ден алдыңғы қатарлы «Benetton», «Zara», «Gruppo Marzotto», «H&M», «Fratelli Piacenza S.P.A.», «Lanerossi», «Marchi e fildi S.p.A.» компаниялары Қазақстанда шы­ғарылатын қой жүні өнімдерін пайдаланады.

Шынар ШӘКЕН

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + twelve =