Италия құрамасы – Еуропа үздігі

0 17

Футбол сүйер қауымның ұйқысыз өткізген түндері артта қалып, EURO-2020 аяқталды. Финалда Италия құрамасы пенальти сериясында Англия құрамасын жеңіп, футболдан Еуропа чемпионы атанды.Англия құрамасы Италия ұлттық құрамасына қарсы финалдық матчтың екінші минутында алға шықты. Италиялықтардың қақпасына голды Люк Шоу соқты. Бұл гол EURO-2020 финалы тарихындағы ең жылдамы болды.
Матчтың 67-минутында Италия құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Бонуччи Англия құрамасының қақпасына гол соғып, есепті теңестірді.
Матчтың негізгі уақытында есеп өзгерген жоқ. Құрамалар қосымша уақытта да ойын барысын өзгерте алмады. Матчтың нәтижесін пенальти сериясы шешті. Пенальти сериясы Еуропа чемпионатының финалы тарихында осымен екінші рет тіркеліп отыр, бірінші рет 1976 жылы болған еді.
Пенальти сериясында италиялықтар қарсыластың қақпасына 3 гол соғып, 53 жылдан соң қайта Еуропа чемпионы атанды.
Топтық кезеңде италиялықтар А квартетінде Түркияны (3:0), Швейцарияны (3:0) және Уэльсті (1:0) жеңіп, тоғыз ұпай жинаған. 1/8 финалда олар қосымша уақытта Австрияны жеңді (2:1), ал келесі раундта Бельгиядан мықты болды (2:1). Пенальти сериясындағы жартылай финалда италиялықтар Испанияны жеңді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − five =