Италия Парламенті депутатымен кездесті

0 57

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Италия Парламенті депутаттар палатасының депутаты Эмануэла Россинимен кездесті.

Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі мен этномәдени бірлестіктердің жұмысы таныстырылып, Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында екіжақты байланыстарды нығайту және кеңейту мәселелері талқылады.
Екі жақты кездесуде Жан­сейіт Түймебаев Қазақстан Ассамблеясының құрылуы, өркендеу барысын және оның Қазақстанның орнықты дамуында атқарып отырған маңызды рөлін атап өтсе,
Эмануэла Россини Қазақстандағы бірлік пен берекенің көрінісі болған Ассамблеяның маңызын жоғары бағалады.
«Кешеден бері жоғары оқу орындағы, мектептердегі білім беру жағдайымен таныстым. Бұл елде жас жеткіншектердің білім алуына жақсы мүмкіндік жасалған. Ал Ассамблея жайлы айтсақ, көпұлтты Қазақстанда барлық ұлттың мүддесі толық қамтамасыз етіліп, олардың өз мәдениетін, ұлттық ерекшелігін сақтауға көп мүмкіндік берілген» деді Италиялық депутат.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − three =