ИТАЛИЯ МЕН РЕСЕЙ­ ӘРТІСТЕРІ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

0 124

Отан қорғаушылар күніне орай «Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасы­ Қор­ға­ныс министрлігінің концерті өтеді.

Театр сахнасында әлемге әйгілі италиялық тенор Марсело Альварес, А.В.Александров атындағы Ресей Армиясының академиялық ән-би ансамблі, «Астана Опера» симфониялық оркестрі, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі өнер көрсетеді.

Мерекелік шараға Мемлекет басшысы Н.Назарбаев, ҚР Үкіметінің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҰОС ардагерлері және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері қатысады деп күтілуде.

Шара барысында патриоттық әндер, италиялық және қазақ композиторларының классикалық шығармалары орындалады. Сонымен қатар, театр фойесінде еліміздің қарулы күштері туралы фотокөрме ұйымдастырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − four =