ІТ мамандар жетістігі

0 23

Бөлмеде дезинфекция және ионизация жасайтын құрылғы ойлап тапқан астаналық ІТ мамандар Канадаға шақырту алды.

канада

«Жаңа құрылғы бұған дейін жылы аялдамада апробация­дан өтті. Құрылғы «Smart Recirculdtion control» аппараттық-бағдарламалық кешені деп аталады. Немесе қысқартып SRC жүйесі деуге де болады. Енді жаңа құрылғыны мектеп кабинетінде сынап көрмекпіз. Дезинфекция және ионизация жасайтын бұл құрылғыны өзіміздің ІТ мамандар 3 айдың ішінде жасап шығарды және оған 4 маман қатысты. SRC-тің кешен деп аталатын себебі құрылғы бірнеше функцияны атқарады және ол автоматтандырылған. Біріншіден, бөлмеге дезинфекция және ионизация жасайды. Екіншіден, құрылғыға аудио және бейнебақылау жүйе­сі орнатылған. Үшіншіден, бұл жүйені қашықтан басқаруға болады. Яғни арнайы адамға міндеттеудің қажеті жоқ. Біз осылайша адами ресурсты азайтып отырмыз» деді «It Smart Solutions» ІТ компаниясының директоры Диляра Төленова.

Оның айтуынша, аталған құрылғының тағы бір артықшылығы дыбыссыз жұмыс істейді. Яғни бөлмедегі адамдарға кедергі келтірмейді. Және адамдарға дезинфекция процесі кезінде бөлмеден шығудың қажеті жоқ. «Бір кабинетке немесе бөлмеге дезинфекция жүргізуге 15-20 минут жетеді. Сондай-ақ аталған құрылғыны іске қосуға санэпидемиология­лық қызметтің рұқсаты бар. Тағы бір маңызды жайт, біз бұл құрылғының авторы ретінде патентке иеміз және жүйені бағдарламалық қолдауға да біз құқылымыз» дейді ол.

Жаңа құрылғы Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 арнайы мектептің кабинетіне орнатылды. Сол сияқты кешен авторларының мәлімдеуінше, әмбебап құрылғы вирустың 99,9%-ға жоюға мүмкіндігі бар.

 «Әмбебап құрылғыны әзірге апробациядан өткізіп жатырмыз. Сынақтан сәтті өтсе, алдағы уақытта толық өндіріске шығарып, оның көлемін арттыру жоспарымыз бар. Жаңа жүйенің арқасында ІТ саласында жаңа жұмыс орындары пайда болады. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының елімізде сұранысқа ие ІТ мамандары санын арттыру міндетін қойды. Бүгінде біздің ІТ мамандарымыз Канада елінен шақырту алып отыр» деді «It Smart Solutions» ІТ компаниясының директоры Диляра Төленова.

Мамандардың айтуынша, аталған құрылғы бір мезетте бірнеше функцияны атқарады. Яғни бөлмеге дезинфекция және ионизация жасайды, құрылғыға аудио және бейнебақылау жүйесі орнатылған және жүйені қашықтан басқаруға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =