«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«ISISIOM» мониторы іске қосылды

0 310

№1 қалалық ауруханасының медициналық-техникалық қоры тағы да жаңа аппаратпен толықты. Германияда жасалған «ISISIOM» мониторы әлемдік тәжірибеде қолданылатын нейромониторинг режимдерін орындауға мүмкіндік береді. Оның техникалық және функционалдық көрсеткіштерінің жиынтығы, беріктігі, қолданысқа қарапайымдығы бойынша әлемде баламасы жоқ.

Интраоперациондық, нейрофизиологиялық монитор «ISISIOM» күрделі оталар үшін жасалған. Ол пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, оның жүйке жүйесінің ятрогендік зақымдауынан және операциядан кейінгі қалпына тез келуіне ықпалын тигізеді. Сонымен бірге қазіргі кезде нейромониторингті нейрохирургия бойынша жоғары технологиялық көмек көрсету кезінде бірқатар хирургиялық оталар үшін мұндай аппараттарды қолдану өте қажет.
– Жаңа аппараттың қалалық ауруханада жұмыс істей бастауы алдымен пациенттің халін жақсартады. Одан басқа, хирургтер ота жасап жатқанда өз әрекетіне сенімді болады, әр қимылы таспаға түсетін хирургтің қимылы заңмен қорғалғанда да әділ болады, пациенттің стационарда жататын уақытын қысқартып, науқасты емдеуге, оңалтуға жұмсалатын әлеуметтік-экономикалық шығындарды барынша қысқартады, – деді аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Файзулла Смағұлов.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды