©2020 Астана Ақшамы
Іс-шараларды баяндады
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.
Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Елбасына қала құрылысын жүргізу жоспарлары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қатысты қабылданған іс-шаралар жөнінде баяндады.
Алтай Көлгінов 2020 жылы маңызы зор жобаларды іске асыруға және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін бас қалаға 1 трлн теңгеден аса инвестициялар тартылғанын мәлім етті. Талқылау барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі COVID-19 пандемиясы жағдайында елордадағы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
***
Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын уақытылы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Әңгіме барысында министрліктің экономиканы әрі қарай әртараптандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.