ІРГЕЛІ ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ

0 128

Елбасының «Қа­зақ­стан-2050» Стратегия­сы: қалып­тас­­қан мем­лекеттің жаңа саяси­ бағыты» атты Қазақ­стан­ халқына Жолдауын­да білім беру саласына­ зор­ көңіл бөлгені қуан­тады. 

Елбасы әсіресе жастарға тәр­бие­ беру жұмысын күшейтуді талап етті. Осыған орай, барлық бі­лім­ ме­ке­мелері маман даярлаумен қатар оның сегіз қырлы, бір сырлы, ерік-жігері мығым, елін, жерін қас­тер­лейтін, алда тұрған асуларды қи­нал­май­ алу­ға қабілетті адам тәр­­бие­леуге міндетті. Сондықтан, біз­дің алдымызда тәрбие жұмысын тү­бі­рінен қайта құру міндеті тұр.

«Сенің елдігің тарихыңды зерт­теу­­ден­ бас­та­лады» деп Қадыр Мыр­за­лиев айтқандай, шәкірт­те­рі­мізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шы­ғар­ма­шы­лық­қа шыңдау мақсатында оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамытуға, дарындылықтың көзін ашуға барынша күш салып келеміз.

Бүгінгі уақыт талабы – мәдени дең­гейі­ мен шығармашылық қабілеті жо­ғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да­ шәкірттеріміздің ішкі сырын жа­сы­рын ұстайтынын ескерсек, ол­­ар­­дың іскерлік дағдыларын және бі­­лім­құмарлық талап-жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адам­гер­ші­лігі мол, иманды, тәрбиелі оқу­шы – кез келген мемлекеттің бай­лығы.

Ғылыми зерттеулерге қа­ра­ғанда, ерекше қабілетті, талант­ты­ балалардың биохимиялық, эл­ектр­­лік белсенділігі жоғары ке­ле­ді. Олар­­­дың­ миы қабылдаған мә­лі­мет­тер­ді қорытуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік – бала бойында тәр­бие­мен алған біліміне байланыс­ты­ қа­лып­­тасатын қасиет.

Міржақып Дулатов қазақ арасын­да­ көбіне көзге түспей, түссе де елен­­­­бей жүрген ғылым-білімге, өн­ер­ге­­ зе­рек, дарынды балаларды оқы­тып­­ тәр­бие­леу­дің мәні жайында­ сөз­ ете­ ке­ліп, дарындылықтың кей­бір­ пси­хо­ло­гиялық астарына үңі­ле­ді. Оның айтуынша: «Тума­сын­да­ қан­ша­ зеректік болса да – ғылымсыз, тәр­биесіз кемеліне жетпейді».

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бе­ре­­ білу – ерекше қиын іс. Демек, оқу­­шы­­лар­­дың ғылыми-зерттеу жұ­­мыс­­та­­ры­на қызығушылығын қа­­лып­­тас­­тыру, шы­ғар­машылық қа­сие­­тін дамыту, қазіргі техниканы пай­­да­ла­ну мә­де­ние­тіне тәрбиелеу – ұс­таз­дар­дың басты міндеті.

Осы ретте мектебімізде «Алаш жастары» атты клуб жұмыс істейді. Бұл­ ұйым жеткіншектердің бойында шешендік өнерді, көшбасшылық қа­сиет­тер­ді,­ ұй­ым­дас­ты­ру қа­бі­ле­тін­ да­мы­ту мақсатында құ­рыл­ған.­ Он­ың негізгі мақсаты – мек­те­бі­міз­дегі дарынды, қабілетті оқу­шы­лар­дың­ басын қоса отырып, жо­ға­ры­да аталған кон­ференцияға, кез­де­су­лерге, ғы­лы­ми жобаларға, де­баттық турнир­лер­ге, қоғамдық іс­-ша­ра­лар­ға дай­ын­­дау, оқу­шы­лар­ды­ бей­імдеу. Қа­зір­гі кез­де­ клуб­ құ­ра­­мында 10­-сы­нып­ оқу­шылары бар. Олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Музейі ұйым­дас­тыр­ған дебат турнирінде жүл­де­лі екінші орынға ие болды. Со­ны­мен қатар, клуб мүшелері «Ха­бар»­ телеарнасындағы «Сонымен,­ со­лай­­ дейік» бағдарламасына қа­­ты­сып,­ келелі тақырыптарға өз­ ой­-пі­кір­­ле­рін­ білдірді. Қазіргі ке­зең­де­ клуб­ мү­­ше­ле­рі – «Жас Отан»­­­ жас­тар қанатының Астана қа­лалық филиалының белсенді мү­ше­лері. Мүшелікке ене оты­рып,­­ оқу­шы­ла­ры­мыз қалалық дең­гей­де іс-шараларға қатысып, ке­ле­лі тақырыптарда еркін пікір білдіріп, дөң­ге­лек үстелдерге қатысып, өз да­рын­ды­лық­та­рын арттыруда.

Мақсат МОМЫНОВ,
Астана қаласы №51
мектеп-гимназиясы­ның мұғалімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + twelve =