iQala 152 қызмет түрін ұсынады

0 48

«Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет алу үдерісін барынша жеңілдететін iQala орталығында жеке және заңды тұлғалар үшін 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бүгінде орталықта «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана су арнасы» МКК, «Clean city NC» ЖШС, «SPK Astana Development» ЖШС, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ және т.б. ұйымдардың 152 қалалық қызмет түрі ұсынылады.

Орталық инстанциялар арасындағы жүру бағытын межелі бір нүктеге дейін азайтып, қызмет алу барысын едәуір ыңғайлы етуге үлес қосып отыр. Қала тұрғындарына құжаттарға мөр бастыру үшін көптеген мекемелерге жүгірудің қажеті жоқ. Ол үшін iQalа орталығының Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайындағы фронт-кеңсесіне барса жеткілікті.
Елорда тұрғындары iQalа қалалық қызмет көрсету орталығының жұмысына қатысты кез келген сұрақ бойынша 109 (iKomek) Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады. Сонымен қатар www.iqala.kz порталы арқылы қызметтерді онлайн режимінде алуға болады. Бұдан басқа, қалалық қызметтер орталығы «Астана ЕРЦ» ЖШС-ның деректер базасымен интеграциялау есебінен Telegram-бот құрды. «іQalakz_bot» көмегімен жеке шот нөмірін енгізу арқылы БТҚ-ның соңғы түбіртегін бірден алуға болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − two =