Иппотерапия орталығы ашылады

0 22

Қазанат» ипподромы базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған иппотерапия және ат спортымен айналысу үшін жабық және ашық манеж салынып жатыр. Сондай-ақ қала басшылығы мұнда туризм және ұлттық спорт түрлерін дамытуды да жоспарлаған.

Аталмыш жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Оның құрылысымен «NUR ASTANA KURYLYS» компаниясы айналысуда.

«Қазанат» ипподромының директоры Ирина Иванюктің айтуынша, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін. Кешен пайдалануға берілгенде онда бір мезетте 50-ден астам бала иппотерапиядан өте алатынын болады. Атшабардың аумағы 48 гектарды қамтиды. Оның құрамында 8 мың ш.м. ашық, халықаралық стандартқа сай кедергілерден атпен қарғып өтетін конкур алаңы, 1200 адамға арналған көрермен мінбері бар.
Сондай-ақ жалпы ауданы 11 мың ш.м. болатын жабық манеж де салынуда. Жабық манеждің ішінде иппотерапия орталығы ашылады. Иппотерапия алаңы 50-ден астам атқа лайықтап жобаланған.
Бұған дейін «Қазанат» атшабарында 20 атқа арналған екі атқора болатын. Енді оған қосымша осындай тағы екі атқора салу қарастырылған. Сондай-ақ жануарлардың жем-шөбі тұратын, ер-тұрман қоятын орындар да ойластырылған. Ипподром ішінен салынып жатқан аталған кешен алдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 4 =