«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Ипотеканың игілігі бар ма?»

0 170

Аяжан ДӘУІТӘЛИЕВА:

 Біріншіден, тек жаңа үйлерді ала аласыз. Ал жаңа үйлер салынбай жатып сатылып кетеді. Екіншіден, үшінші пәтерді алу мақсатында өтініш білдірген азаматтар бағдарлама жеңілдіктерін пайдалана алмайды. Үшіншіден, ипотекалық несиенің айлық төлемақысы отбасы табысының 30 пайызынан аспауы тиіс. Мысалы, сіз айына 57 мың теңгеден төлеп отырсаңыз, отбасыңыздың айлық бюджеті 190 мың теңгеден төмен болмауы қажет. Әр отбасы мүшесінің айлық табысы, балаларына жұмсалатын қаражатқа дейін есептеледі. Төртіншіден, азаматтың жұмыс орнынан ресми кірісі 6 айдың ішінде үзілмеуі тиіс. Ол жекеменшік компанияларда жыл сайын жылдың соңында жұмыстан шығарылып, қаңтардан бастап жұмысқа қайта қабылданатын азаматтар үшін қолайсыз. Яғни, несие ала алмай қалады. Бұл мен білетін тұстары ғана. Қарапайым халықтың табысы бұл бағдарламамен баспана алуға жетпейтін сияқты. Ал жеткендері үстінен бірнеше еселеп төлейді, әрине.

Мүсіркеп ӘЛІМЖАНОВ:

Қазақстанның тұрғын үй, бас­панаға қатысты қай бағдар­ла­масы болса да, қара халық үшін қолжетімсіз. «7-20-25» те орта қоңды қазақстандықтар үшін ғана тиімді. 45-150 мың жалақысы бар адамдар жоғарыдағы бағдарлама бойынша баспаналы болуды армандамаса да болады. Ал халықтың 60-70 пайызы – төмендегі санаттың қатарынан. Бұл мәселе батыс елдерінде баяғыда шешімін тапқан.
Көп ел кезінде хан сарайындай далитып қос қабатты, үш қабатты зәулім үйлерді жыпырлатып салып, соның көбі содан енді өздері құтыла алмай, түрлі қызық-қуа­нышын өткізетін жұртқа жалдап жүр. Егер де салық төлеудің батыстық нұсқасы елімізде жүзеге асса, меншік иесі болудан ел басын алып қашатын болады. Бізде бай да, кедей де салыққа табысының он-ақ пайызын төлейді. Егер де, нарықты ерте игерген елдер секілді тапқан табысының көлеміне сәйкес салықты өсіріп отырса, көп дүние өзгерер еді. Өкінішке қарай, біздің билік ондай қадамға бармайды-ау. Өйткені заң шығаратын Сенат пен Мәжілісте отырғандар мен биліктегілердің дені – қалталылар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды