Интернет арқылы некеге тұрушылар көп

0 560

Жеделсөз

Айнагүл БЕГАЙДАРОВА, Алматы аудандық әділет басқармасы АХАТ бөлімінің кеңесшісі:

-Айнагүл Сарлыбайқызы, Астанада интернет арқылы некеге тұруға өтініш берушілер көбейді ме?
-2011 жылдың 1 қаңтар айынан бастап жаңа электрондық қызмет, яғни «Интернет арқылы некеге тұруға арыз беру» енгізілгені белгілі. Оны Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады. Бүгінге дейін Астана қаласы бойынша 2050 адам интернет арқылы некелерін тіркеді.

-Ол үшін не қажет?
-Қызметті жүзеге асыру үшін қажетті шарттардың бірі − электрондық сандық қолтаңбаның болуы және интернетке қолжетімділік. Некеге тұруды тіркеудің арызы www.egov.kz. электрондық үкімет порталында толтырылады. Оған некеге тұратын тұлғалар туралы мәлімет және заң талаптарына сәйкес басқа да ақпараттар қамтылады.

-Төлем қалай жүргізіледі?
-Некеге тұруды тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы электрондық үкіметтің автоматтандырылған төлемдік жүйесі арқылы төленеді. Электрондық арызды алғаннан кейін Әділет органы оны тексеріп, некенің тіркелетін уақытын, күнін және өткізілетін орнын көрсетеді. Бас тартуға байланысты деректер анықталған жағдайда некені тіркеу тоқтатылады. Бұл қызмет бос уақыты жоқ адамдар үшін өте ыңғайлы, уақытты үнемдейді.

-Жалпы, некеге тұру үшін нақты қандай құжаттар керек?
-Некені тіркеу Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексімен реттеледі. Некені тіркеуге тілек білдірушілер жеке басын куәландыратын құжат, некеге тұру туралы өтініш, балалары бар екендігі туралы мәлімет және тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат (бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) тапсырады. Ал, бұрын некеде тұрған адамдар болса, тоқтатылғанын растайтын неке бұзу туралы куәлік және жұбайының қайтыс болғандығын дәлелдейтін құжат әкелу керек. АХАТ органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Некеге тұратын адамдардың қатысуымен азаматтық хал актілерін тіркейтін орындарда тіркелген неке заңды болып танылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 14 =