Интернационалистер акциясы

0 117

DSC_5550

Кеше Астанада «Біз – интерна­цио­на­лис­терміз!» халықаралық акциясы басталды. ҚР Ауғанстан соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері одағының бастамасымен өтіп жатқан акцияға бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикаларынан өкілдер қатысуда.

Акцияның алғашқы күні ТМД ел­дерінің Үкімет басшылары жанын­дағы интернационалист-жауынгерлер істері жөніндегі Үйлестіру кеңесі комитетінің мүшелерін ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қабылдады.

Түстен кейін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының конференция залында Үйлестіру кеңесі комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Комитет төраға­сы, Кеңес Одағының батыры Руслан Аушев ТМД елдерінде интернационалист-жауынгерлер істері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп келе жатқан татулық пен бірлік саясаты мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі болып отырғанын атап өтті. Осы бағытта Ауғанстан соғысын бастан кешкен қазақстандық интернационалист- жауын­герлер де ел ішіндегі патриоттық шараларға үлкен үлес қосып жүргеніне ризашылық білдірді. Мәжіліс соңында бірқатар азаматтарға «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл» медальдары тапсырылды.

Бүгін акция аясында митинг, соғыс құр­бан­дарына ас беру және әскери-патриоттық әндер концерті өтеді.

Дайындаған Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =