«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Инновациялық зауыт іске қосылды

0 276

Кеше Астанада көше жарықтандыруға арналған инновациялық бағана­ларды жасап шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт іске қосылды.

Бағаналар Ресей мен Қытайдан тасымалданатын шыны пластик пен полиэфирлі шайырдың қоспасынан жасалады екен. Мамандардың айтуынша, мұндай материалдардан жасалатын өнімдер елімізде алғаш рет шығарылып отыр. Аталмыш зауыт алдағы уақытта тек бағана ғана емес, диаметрі 120 см болатын кәріз жүйелерінің құбырлары мен мұнай өндіруде қолданылатын сұйық отынды цистерналарды да жасауды қолға алмақ. Мұндағы ресейлік технологияның ерекшелігі – өнімді иілгіш немесе қатты қылып дайындауға қауқарлы.
– Темір бағаналарға қарағанда мұ­ның артықшылығы – экологиялық тазалығында. Яғни біздің өнімдердің қоршаған ортаға зияны жоқ. Әрі жөндеуге де өте ыңғайлы болады. Қазіргі уақытта еліміздің және Ресейдің бірқатар құрылыс компанияларымен келісімшартқа отырып жатырмыз. Өнім болашақта Қазақстанның барлық өңірлері мен алыс-жақын шетелдерге де экспортталады деп жоспарлап отырмыз, – дейді «Maxvidl» ЖШС директоры Асхат Рахымов.
Зауыттың ашылу салтанатына Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бекмұрзаев пен ресейлік «Машспецстрой» компания­лар тобының бас директоры Олег Шакелин қатысты. Асхат Рахымов меймандарды өздерінің жұмысымен таныстырды. Зауытта жылына 10 мың дана өнім жасалмақ. Қазіргі уа­қытта мұнда 40 шақты адам жұ­мыспен қамтылған. Олардың орташа жалақысы – 120-150 мың теңге.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды