Инновациялық технологиялар тиімділігі

0 36

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында маңыз­ды міндеттердің бірі ретінде халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру туралы айтқан болатын.

IT-технологиялар сот өндірісінің ұтқырлығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың уақыты мен қаражатының үнемделуіне септігін тигізеді. Көпшілік қауымға мәлім, сот жүйесіне енгізілген озық технологиялардың бірі ретінде «Сот кабинеті» ақпараттық қызмет көрсету түрі танылады.
Сервис сот органдарының «Төрелік» ақпараттық сервисімен тікелей шоғырландырылған. «Төрелік» өз кезегінде сот органдарының автоматты ақпараттық жү­йесі болып табылады. Судья «Төрелік» жүйесі арқылы сот актілеріне электронды санды қолтаңбасын қойған жағдайда сот шешімдері «Сот кабинеті» сервисіне бірден жүктеледі. Сервис қолданушылары іс бо­йынша сот өндірісін бақылап, электронды сот актілерімен танысып, оларға шағым түсіре алады, басқа да өтініш-талаптар ұсынып, өзіне іс бойынша қажетті барлық мәліметтерден хабардар болады. Бүгінгі таңда «Сот кабинеті» сервисіне сот отырыстарының аудио-бейне таспаларын алу қызметі де қосылды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы соттарға «Сот кабинеті» ақпараттық жү­йесі арқылы 6191 электронды өтініш, шағымдар келіп түсті. Ал 2018 жылы электронды өтініш саны 4824-ті құрады.
Елорда соттары 2019 жылы «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы 1665 істі басқа аймақтағы соттарға қосылу арқылы қараған. Ал 791 іс мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы қаралған.
2019 жылы бейнеконференцбайланыс арқылы Қылмыс­тық-атқару жүйесі комитетінің мекемелерімен 579 сот отырыс­тары өткізілді. Сонымен қатар «Facebook» әлеуметтік желі арқылы сот өндірісіне қатысты 343 өтініш түсті. Барлық өтініш-шағымдарға шұғыл түрде жауаптар, түсіндірмелер берілді.
Ботагөз БАЯНОВА, Нұр-Сұлтан қалалық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + eleven =