ИННОВАЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ

0 138

Ашығын айту керек, бүгінде белсенді ел азаматтарының халықаралық ғылыми-зерттеу­ жобаларына қатысу мүмкіндігі жоғары. Бұл өз кезегінде шетелдік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдасуға мүмкіндік береді. Президент өз Жолдауында «Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу» дей келе, Үкіметке болашағы зор ұлттық кластерлер қалыптастыруды тапсырды.­

Елімізде отандық инновациялық жобалар нәтижесін енді ғана бере бастады. Білім мен инновациялық үрдістерге негізделген экономикалық дамуға бет бұрған заманда ғылымының соңғы жетістіктерін пайдала­на­тын­­ мемлекеттер әлем кеңістігінде өздерінің үстемдігін жүргізіп отыр.

Қазақстанда индустриалды-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуы қарқынды жалғасып жатыр. Мен осы инновациялық жобаларды қолдауға байланысты өз пікірімді білдіргім келеді.

Біріншіден, Қазақстан жастарын мектеп­ кезінен бастап, ғылыми жоба жазуға машық­тан­дыру қажет.

Екіншіден, Мемлекеттік мекемелер, яғни мектеп, университет, институттар мен ірі ғылыми орталықтар және өндірістік компа­ния­­лар арасындағы байланыстың қуат алуын қалып­тастыру керек.

Үшіншіден, ірі маңызды жобаларды отандық ғылыми орталықтарда және ірі маңызды өндірістік кәсіпорында арнайы зерттеуден өткізіп, тәжірибеге енгізген жөн.

Жоғарыда көрсетілген тізім еліміздің индустриалды-инновациялық даму бағдар­ла­ма­сы­ның мақсаттарына жетудегі бір баспалдақ деп есептеймін.

Қазақстан белгілі бір салаларда инно­ва­ция­лық қолдау, ғылыми зерттеу және шығар­ма­шылық күш-қуатты дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Менің ойымша, осындай ірі орталықтарда жастарды қазірден бас­тап ғылыми жоба жазуға үйретіп, зерттеу жұмыстарына баулысақ екен. Бұл ғылыми жобалар ұлттық құндылықтарға сүйеніп негізделсе, еліміздің мәдениеті мен ғылымы біте қайнасып, әлемдік үлкен ғылымда өзінің қазақстандық моделін құрады, соған тән жаңалығын қосады. Сөйтіп, отандық жастар ғылымының үлкен жетістігінің қозғаушы күшіне айналар еді.

Қозғалатын екінші үрдісті мәселе – бұл универ­си­тет­тер­дің ірі ғылыми орталық­тар­мен­ және компаниялармен байланыс орнату. Бүгінде әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ғылымның соңғы жетістіктерін пайдаланған компаниялар ағымдағы инновациялық жоба­лар­ға кең көлемде қаржы бөліп, өздерінің өндірістік сапасын және табысын­ ұлғай­туда. Бір жағынан, университет студент­тері ірі өндірістік кешендерде өзінің маман­ды­ғы­на­ байланысты практикалық тәлім алады. Осы шара сапалы мамандар дайын­дау­дың алғышарты болады.
Үшінші мәселе, өзекті жобаларды ғылыми зерттеу институттарында, ғылыми орталық­тар­да зерттеп, отандық өнеркәсіп орындарына зерделенген, сараланған, жаңашылдық енгізген, тиімді жобаларды енгізу және оны қолдау.

Қорытындылай келе, еліміздің білімі мен ғылымы жастарымыздың инновациялық жобаларына қолдау көрсетсе, біз дүние жүзіне отандық өнеркәсіптен шығарылған сапалы тауарды, ұлттық дүниемізді ұсына аламыз.

Төленді МҰРАТОВ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистранты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 5 =