ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ИГІЛІГІ

0 232

Қалалық №65 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің өзекті мәселелері мен осы саладағы қол жеткен оң нәтижелерді насихаттау, мүгедек балалардың дүниетанымын кеңейту тәжірибелерін талқылаған «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту жолдары» атты республикалық конференция өтті.

Аталмыш мектеп инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын, ұлттық түзету педагогикасының ғылыми-тәжірибелік орталығы болып есептеледі.
Осы шара аясында «Дара» қайырымдылық қоры, Қазақстан Республикасындағы Финляндия Елшілігі және Хэйлибери-Астана мектебінің қолдауымен жалпы сомасы 3 млн теңге тұратын саңырау және есту қабілеті нашар балаларға арналған қазіргі замандық құрылғыны тарту етті. «ФМ» деп аталатын жүйе сөз бен дыбыстарды ұғынуда кедергі шудың болмауын қамтамасыз етеді. Осындай озық техникамен жабдықталған төрт бірдей сыныптың ашылуы білім сапасына елеулі үлес қосатын болды.
– Мүмкіндігі шектеулі балаларға көп жылдан бері қамқорлық жасап келеміз. Жаңа жүйе бөгде шуды басып, тек қана ұстаздың сөзін кедергісіз тыңдауға мүмкіндік береді әрі балалардың есту қабілетін жетілдіреді.
Біздің мақсатымыз – инклюзивті білім беруде әртүрлі техникалық көмекші құралдардың қажеттілігін, оның тиімділігін көрсету. Озық құралдармен жабдықталған ортада балалар өздерін кем сезінбейтін болады, – дейді «Дара» қайырымдылық қорының директоры Мәдина Бакиева.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =